Бұл жай ғана салпыншақ емес,
мейірімділіктің бір бөлшегі!
Бұл салпыншақты BI JULDYZAI қорының қолдауымен, MERÁLY және №3 арнайы мектептің балалары бірлесіп жасаған. Балалар барлық ынта-жігерімен, киізден – жүрек, жұлдыз және ай жасап шығарды.
Ал MERÁLY — керамикадан жасалған өзінің жұлдыз әшекейін қосты. Керамикада бейнеленген “Үкі” ою-өрнегі – жақсылықтың, бақыт пен еркіндіктің символы болса, гүл элементі – өмірдің жарқын және гүлдей жайнауына тілектестік ретінде бейнеленген.
Түскен қаражат балаларды емдеуге жұмсалады.